Тірек мектебі жағдайында оқушыларды әлеуметтендірудің ұйымдастыру-педагогикалық шарттар » №25 Ақтөбе тірек мектебі
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№25 Ақтөбе тірек мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35 5-23-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 35 5-23-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тірек мектебі жағдайында оқушыларды әлеуметтендірудің ұйымдастыру-педагогикалық шарттар
07
июнь
2023

Тірек мектебі жағдайында оқушыларды әлеуметтендірудің ұйымдастыру-педагогикалық шарттар

Саламатсыздар ма? Құрметті әріптестер! Жамбыл облысына,  Бауыржанды баулыған, Шерағаны ширатқан киелі Жуалы жеріне, батырлар мен ақындар еліне қош келдіңіздер!  

Бүгінгі ұйымдастырылып отырған іс-шара өскелең ұрпақтың баянды болашағын қамтамасыз етуге бағытталып, атап айтсақ, ШЖМ оқушыларына сапалы білім  беруге қол жетімділігі мәселелері қаралып отыр.

  Қазақстандағы білім беру саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақты мектептерді сапалық тұрғыда дамытуға мән берілген. Осы бағдарлама негізінде шағын жинақталған мектептердің проблемасын шешуде тірек мектебі (ресурс орталығы) моделі қолға алынған.  

Жамбыл облысының өңірлік жоспарына сәйкес, 2011-2015 жылдары 10 тірек мектеп (РО) ашылды.  

Ең алғашқылардың бірі болып Жуалы ауданындағы №12 М.Әуезов атындағы тірек мектебі ( ресурстық орталығы) жұмысын бастаған. Бірақ обьективті себептерге байланысты 2014 жылдан бастап осы  №25 Ақтөбе тірек мектебіне (РО) ауыстырылды. Қазіргі таңда біздің тірек мектебі желісіне 2 магниттік мектеп кіріктіріліп отыр. Ол, Алатау және Жаңаталап орта мектептері. 

Тірек мектебінің проблемаларын зерттеп, анықтап, дамудың басым бағыттарын айқындап алу үшін SWOT талдау жасадық. 

Күшті жақтары:                                                                                                

  1. Оқушылардың бойында қоғамдық құндылықтар базасының болуы;
  2. Оқушылардың орта өзгергеннен кейін бой түзеуі;
  3. Тірек мектептің материалдық-техникалық базасы толықтырылды және жаңартылды;
  4.  Үрдісті ұйымдастыру іс-әрекетін қамтамасыз ететін білім беру мен тәрбие кеңістігі.
  5. Жүйелі желілік қарым-қатынастың орнауы. 

Мүмкіндіктері: 

1.Тірек мектебі жағдайында жүйелі жұмыстың ұйымдастырылуы; 

 2. Тірек мектебіндегі заманауи материалдық техникалық база;

3. Ұстаздардың кәсіби ортасының қалыптасу;

2. Сапалы білімге қол жетуді қамтамасыз ету, балалардың даму кеңістігін, балалардың ойлау қабілеттерін, функционалдық қабілеттерін дамыту;

3. Баланың желілік қарым-қатынаста әлеуметтенуі. 


Әлсіз тұстары: 

1. ММ материалдық- техникалық базасының төмендігі (Мысалы: Алатау мектебі ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан, актзалы, спортзалы, асханасы жоқ.  1 ғана компьютерге интернет қосылған, Жаңаталап мектебі ғимарат типті болғанымен ешқандай құрылғылармен жабдықталмаған );

2. ММ кадрлық әлеует мәселесі (Алатау мектебінде- 60% мұғалім, Жаңаталап орта мектебінде -45 % мұғалім сырттай білім алған, кәсіби жалғыздық, мұғалімдердің шыңдалуы үшін кәсіби бәсекелестіктің жоқтығы. 5 жылда бір рет білімдерін жетілдіргенімен қолданысқа енгізетін дамытушы орта жоқ)

3. Оқу-әдістемелік базаның әлсіздігі 

(Оқулықтар, көркем әдебиеттер, анықтамалықтардың жетіспеушілігі, кітап қорының төмендігі. Химия, физика, биология пәндеріне қажетті зетханалық жабдықтар, электронды оқулықтардың жоқтығы.)

4. ММ оқшаулығы 

(Мәдени ошақтардан қашық орналасуы. Дамытатын орталықтар, өнер,  музыкалық мектептерден, мәдениет үйлерінен қашықтығы )

Осының барлығы бүкіл ШЖМ мектептерінің білім сапасына кері әсерін беріп отыр

         Қиындықтар:

1. Ауыл балаларының өздері ойлаған комфортты ортадан шыққандағы болатын өзгерістері;( көлеңкелі жағынан ортаның лидері болуға ұмтылу )

2. Қалыптасқан ұлттық рухани өзгерістердің жоғалып кету; 

3. Ортада өзін көрсету үшін әртүрлі конфликті жағдайларға түсуі, агрессияның көрініс беруі; (құндылық жоқ, негізі жоқ нәрседе өз-өзін көрсету мақтану сияқты мәселелер желілік қарым-қатынаста қалыптаса бастайды)

4. Асханада, көшеде, қарым қатынаста өздерін ұстай білу мәдениетінің олқы тұстары;

5. Оқушылардың әлеуметтену деңгейінің төмендігі.

Саралай келе тірек мектебі (ресурстық орталықтың) өзіндік оңтайлы тұстарымен қоса қиындықтары да бар болып шықты. 

Яғни, шағын жинақты мектеп балаларының әлеуметтену деңгейінің  төмендігі өзекті болды.

«Әлеуметтену» ұғымы дәстүрлі «білім» және «тәрбие» ұғымдарымен салыстырғанда кең ауқымды, терең мағыналы ұғым. Білім- белгілі бір білім жиынтығын беруді көздейді. Тәрбие- балада белгілі бір тұлғалық сапаларды және мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Ал әлеуметтену- білім беру мен тәрбиені қоса отырып, қоршаған ортаның әсерінен жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін, бүкіл өмір сүру барысында жүретін үздіксіз үдеріс. Әлеуметтенудің негізгі мақсаты - оқушылардың алғашқы және өмірлік тәжірибелерін шағын ортада қалыптастыру. Белгілі бір құндылықтар мен нормаларды меңгереді. 

Осы мәселелерді шешуде, «12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында  тірек мектеп  (ресурстық орталық) желісінде оқушыларды әлеуметтендірудің педагогикалық аспектілері» тақырыбындағы педагогикалық-психологиялық эксперимент басталды. 

Эксперименттің негізгі мақсаты: ресурстық орталықтың   дәстүрлі көздерін қолдай отырып, магниттік мектеп оқушысына заманауи бейімделген тәрбие және білім алу кеңістігін құру арқылы олардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз  ететін, шығармашылық қабілеттері мен өзіндік танымын жүзеге  асыратын, ұлтжанды азаматтықты қалыптастыратын, кәсіби бейімділікті анықтайтын және жаңа ақпараттық технологияларды еркін игеруді қамтамасыз ету. 

2012-2013 оқу жылында (жобалау) дайындық кезеңінде,

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында тірек мектебінде (ресурстық орталықта) оқушы тұлғасын әлеуметтендірудің теориялық-әдіснамалық негіздері анықталды. 

2013-2016 оқу жылдары (сынақ)   экспериметті енгізу   кезеңінде, 

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) эксперимент бағдарламасы іске асып, сынақтан өткізілді.                      

2016 -2017 оқу жылында  (аяқтау) қорытынды кезең, 

Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқушы тұлғасын әлеуметтендіруге бағытталған ғылыми-педагогикалық эксперимент жұмысының нәтижелері сарапталды. 

Эксперимент барысында, Аль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің, Тараз мемлекеттік университетінің психология кафедрасымен байланыстық.  Педагогика және психология ғылым салаларындағы Турдалиева Шолпан Тұрсынбаевна, Бейсенбаев Ғани Бектаевич, Жайтапова Алтынай Алимбековна сынды   ғалымдармен бағыт бағдар алып, тығыз жұмыс жасай отырып теорияны практикамен ұштастырдық. 

Жұмыс барысында мектептегі білім беру жүйесін, тәрбие жүйесін, қосымша білім беру жүйесін ізгілендіру және қоғамдастық жұмысын (ата-аналар, мұғалімдер, жергілікті қауымдастық) жүйелі ұйымдастыру үшін әлеуметтендіру моделі әзірленді. 

Білім беру үдерісін ұйымдастыру.  Жұмыстық оқу жоспарындағы 12 таңдау курстары, 9 қолданбалы курстарға әлеуметтену блогы кіріктірілді. Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытуда оқушылардың тарихи көзқарастары қалыптасса, жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытуда экологиялық көзқарастары қалыптасады. 

Білім беру жүйесінің әлеуметтендіру үрдісіндегі ықпалы

         - Пәндік оқыту сабақтарында тәрбиелік потенциал басты назарға алынды. Мысалы: қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті пәндерінде көркем әдебиет кейіпкерлерін, тарих пәнінде тарихи  тұлғаларды тану арқылы әр тарихи кезеңдегі әлеуметтену мәселелері міндетті түрде қарастырылды. Ал, биология, химия пәндерінде тазалық, салауаттылық, денсаулықты сақтау құндылықтары қарастырылды. Нәтижесінде, білім мазмұны арқылы, еңбекқорлық, адалдық, тұрақтылық, әдептілік, салауаттылық   сияқты оқушының позитивті құндылықтары қалыптасты.

- Пәндік бағдарламалар, интеллектуалдық іс-шаралар, ғылыми жобалар, мектепішілік, желілік, аудандық, облыстық, республикалық байқауларға, қашықтық олимпиадаларға қатысу ұйымдастырылды. Оқушылардың интеллектуалдық-танымдық қабілеттерін дамыту, жағымды әлеуметтік тәжірибелерін кеңейту, белсенділігін арттыру, мақсатқа қол жеткізе білуді үйренуге ықпал етілді

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Тәрбиенің 9 бағдарламасы арқылы, ата-аналар кеңесі, жергілікті қауымдастық, 12 үйірмелерді жүргізу арқылы қарым-қатынас мәдениеті мен коммуникативті құзіреттілік қалыптасады. 

Тәрбие беру жүйесінің әлеуметтендіру үрдісіне ықпалы 

-Танымдық, спорттық, шығармашылық ұйымдастырушылық іс-әрекет қамтылды. (Әдептілік негіздері қалыптасты. Өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі тануы, өзін-өзі басқаруы, мінезі, көзқарасы шыңдалды, болашақты жоспарлауға үйренді.) 

Қоғамдастықтың әлеуметтену үрдісіне ықпалы

  • Ата-аналармен жұмыс (Ата-аналарының қолдауын сезініп, отбасы алдындағы жауапкершілігі артады)

«Ақсақалдар алқасы», «Әкелер мектебінің» ықпалын арттыру   (Ұлттық дәстүр мен отбасылық тәртіп ережесінің жүйелерін игерді. Мәдени құндылықтар мен нормалардың үлгісімен танысып, қолдануға ұмтыла бастады.)

Қосымша білім беру жүйесін ұйымдастыру. 

Спорттық-сауықтыру, ғылыми танымдық, әлеуметтік, көркем-эстетикалық, әскери-патриоттық, жобалау бағыттары бойынша 14 үйірме жұмысы жолға қойылды. 

Қосымша білім берудің әлеуметтену үрдісіне ықпалы

  • Драма, домбыра, вокал, хореография, стрид воркауд, жас тілші үйірмелері. Желілік іс-шаралар (оқушылардың әлеуметтік маңызды өмірлік бағыттарын, жеке тұлғалық қасиеттерін ашуға, әлемді сүюге, денсаулық пен тазалық, әдептілік пен әдемілікке үйретуге басты назар салынды)
  • Саяхаттарға шығу: Театрға саяхат, ТарМУ нанотехнология лабораториясына саяхат,Өлкетану мұражайына сапар (Экологиялық сана-сезімі мен экологиялық мәдениеті, жауапкершілігін көтеру, интеллектуалдық, танымдық қабілеттерін арттыру, қоршаған ортаны қастерлеуге үйрету)
  • Мектептің атаулы іс-шаралары, қолөнер, сурет байқаулары, әдеби оқулар, салт-дәстүрге байланысты іс-шараларда оқушылар белсенді атсалысады. (Бұл, оқушылардың белсенділігін арттырып, әдемілік пен әдептілік, шығармашылыққа баулиды. Ұлттық құндылықтар қалыптасады)

         Өзін-өзі басқару ұйымының жұмыстарын ұйымдастыру. Өзіндік тәрбие мен сана, өзіндік бақылау, өзін-өзі тану, өзіндік бағалау мен қадағалау, өзін-өзі жетілдіру жұмыстары бойынша жүргізілді. Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы президенттік жүйе арқылы іске асырылады. (Оқушылар жеке жауапкершілік, ой еркіндігі, мүмкіндіктерін ашу, келісімге келуді үйреніп, әртүрлі әлеуметтік рольдерді бойына сіңіреді)

     Желілік кәсіби қоғамдастық жұмысын ұйымдастыру.

Мектептегі негізгі қозғаушы күш- мұғалімдер. Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына мұғалімдердің кәсіби құзіретті болуы аса қажет. Сондықтан, «Тірек және магнитті мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыта отырып оқу мен оқытуға жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу» тақырыбын басшылыққа алдық. Бұл жоспар үш бағытта жүргізілді. Олар: қоғамдастық, оқыту тәжірибесін жетілдіру, көшбасшылық.

Тірек және магнитті мектеп мұғалімдері құзіреттілік талаптарына және пәндеріне сәйкес 4 төпқа бөлінді. Топқа бөлу жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, бастауыш сыныптар және техникалық пәндер бойынша жүргізілді.

 Бұл ШЖМ мұғалімдерінің кәсіби жалғыздығы проблемасының да шешімі болды.

Әр топтың көшбасшылары етіп деңгейлік курстың 1-ілгері деңгейін аяқтаған мұғалімдер сайланды. Олар деңгейлік бағдарламаның идеясының негізінде мектептегі оқыту тәжірибесін жаңарту үшін ұйымдасқан түрде жұмыс жасайды. Яғни, әр топ айына бір рет деңгейлік бағдарлама аясында    апталықтар өткізді. Осылайша топтар  бір-бір аптадан жұмыс жасап, бір ай бойы бағдарламаға негізделген іс-шаралар өтіп, бұл үрдіс үздіксіз жалғасын тауып жатты. Олар бірнеше бағытта жұмыс жасайды. Мысалы: коучингтер өту; коучинг тақырыбына сай, ұштастырылған сабақтарды ұйымдастыру; Lesson Study зерттеуін жүргізу; қоғамдастық аясындағы жұмыстар; деректер мен дәлелдердің жинақталуы; атқарылған жұмыстардың кері байланысы; басқа да іс-шаралар. 

Желілік қарым-қатынас жүйесін ұйымдастыру. Магнитті мектептермен сессиялық және сессияаралық жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіледі. Сеесияаралыққа тоқталсам....Нәтижесінде, жүйелі желілік қарым-қатынас қалыптасады.

Тірек мектебі жағдайында оқушыларды әлеуметтендіруге ықпал ету үрдісін жүзеге асырудағы осындай жұмыстар бір жүйеге келіп, іске асырыла бастады. Қазіргі таңда тірек мектебі тек қана білім беру ордасы емес, ауылдағы мәдени орта болып қалыптасты. Себебі, ауыл өміріндегі барлық қоғамдық-мәдени әрекеттердің барлығы мектептің тыныс тіршілігімен үндестік табуда.

Француздың жазушы философы Эрнест Легувье: «Тәрбиенің мақсаты-балаларды бізсіз де күн көре алатындай етіп тәрбиелеу» дейді. Сол себепті, оқушыларды әлеуметтендіру бүгінгі мектептің ең басты мақсаты.

Тірек мектеп (РО) жағдайында білім мен тәрбие алған  Оқушылардың бірқатар тұлғалық дамуына ықпал етті:

  • Білім алуға деген мотивациясы жоғарылады;
  • Білемін, үйренемін, қолымнан келеді деген ұстанымдары қалыптасты;
  • Өзіндік «Мен» концепциясы жоғарлады, Өзіне және өзгерелерге позитивті көзқараспен қарау қабілеті дамыды; 
  • Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасты;
  • Рухани-адамгершілік қасиеттері дамыды және қалыптасты;
  • Қоғамдағы өзгерістердің жаңалықтар қабылдау мен меңгеру мүкіндігіне ие болды;
  • Жамбыл өңіріндегі мәдени-мұралармен жақын танысуға мүмкіндік алды;
  • «Өмір мектебінің» баспалдағымен біртіндеп таныса бастады;
  • Мамандыққа бағдарланды, өзінің негі қабілеттілігін тани білді т.б.

Тірек мектеп (РО) және ШМЖ мұғалімдерінің де кәсіби тұлғалық өзгерісі анықталды:

  – сабақтағы мұғалімнің позициясы өзгереді. Оқушылардың субьектілігін дамыту үшін мұғалім олардың әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші, дер кезінде көмектесуші ролінде болуына қарай нақты қадамдар жасалды

- сабақты өткізу әдістері мен формаларының жаңашылдығы. Сабақта парталардың басқаша қойылуынан бастап, сабақтың дидактикалық элементтерінің тұтастай жаңаруы, соған сай оқушылардың танымдық белсенділігінің артуы, сабаққа деген қызығушылықтарының, коммуникативті мәдениеттері мен сыни ойлауының жоғарлауы орын алады. 

-   олардың әдіснамалық мәдениетінің деңгейлерінің жоғарлауы. Оны біз мұғалімдердің зерттеушілік әрекеттердегі сауаттылықтарының артқандарынан байқадық. Оқыту технологияларын енгізу барысында оқушыларды зерттеу, өз тәжірибесінің жетістіктері мен кемшілік тұстарын, өзінің болашақтағы жұмыс бағыттарын айқындай алуы, соған сәйкес түзету әрекеттерін таңдай білуі, жұмысының нәтижелерін жинақтай алуы сияқты сапаларынының өскені анықталды.

 - оқушылардың білімдерін жаңаша бағалауға қол жетті.

Ата-аналардағы өзгеріс:

  • Мектептің қызметін тұтынушыларды, сұраныс беруші ата-аналардың білім беру мекемесіне деген жағымды көзқарастары қалыптасты;
  •   Баласының болашаға үшін тірек мектептің (РО)  саясатына қолдау көрсету;


Баланың әлеуметтенуінің тиімді технологияларының бірі- желілік қосымша білім беру жүйесі болды. Бізге келген,алғашқы жылы сессияға қатысқан 82 оқушының бірде біреуі яғни 100 % ешқашан театрға бармағандығы белгілі болды. 100 % оқушы өмірінде бір де бір рет мұражайға бармаған. Өнер, музыка саласына бағытталған үйірмелерге қатысу мүмкіндігі болмаған. Біз саяхаттар ұйымдастырып, оқушылардың сұраныстарына сай «Драма», «Вокал», «Би», «Домбыра»үйірмелерін ашып қарапайым жұмыстан бастадық Қазіргі таңда 100% оқушы үйірмелерге қамтылған. Өзінің өмірлік бағытын осы өнер салаларынан тауып жатқан оқушыларымыз: Нұржас, Ализат, Жұлдыз, Бексейіт сынды оқушыларымыз өнер бағытындағы оқу орныдарында оқып жатыр. 

 Позитивті әлеуметтенудің нәтижесінде:

  • бірінші оқушылардың білім сапасы 19 % артты. 
  • Оқушылардың математикалық сауаттылығы 11 % артты,
  • оқушылардың жазу сауаттылығы 12 % өсті. Оқушылардың оқу сауаттылығы 20  % артты. Оқушылардың танымдық қабілеттері орасан зор артып отырған көрініп отыр. 

Мұғалімдер үшін кәсіби өсу бағытындағы жұмыстар да оң нәтижелі болды, яғни ШЖМ магниттік мектептердің педагогтарының кәсиби потенциалы дамыды. (құзіреттілік диаграмма қою керек) 


 Жүйелі жұмыстардың барысында біз желілік әлеуметтену моделін қалыптастыра алдық. Нәтижесінде тірек және магнитті мектеп оқушылары мен мұғалімдері бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. 

Айта кетсек, соңғы үш жылда аудандық  пән олимпиадаларында-21 оқушы, облыстық пән олимпиадаларында-3 оқушы, республикалық қашықтық олимпиадаларда-3 оқушы, халықаралық қашықтық олимпиадада-1 оқушы жүлделі орындарды иеленді.

Аудандық ғылыми жарыстарда-27 оқушы, облыстық ғылыми жарыстарда-17 оқушы, республикалық ғылыми жарыстарда -2 оқушы жүлделі орындарды иеленді.

Мектеп ұстаздары республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, олардың еңбектері 65 жинақта жарық көрді.

Ұстаздардың мектепішілік -7, желілік бағытта-10, ғылыми жетекшілердің қолдауымен- 3 әдістемелік нұсқаулықтары  басылып шықты. 

Аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда барлығы 46 жүлделі орындарды иемденді. 

        Қорыта келе, эксперименттік алаңда ШЖМ оқушыларының әлеуметтенуінің теориялық моделі құрастырылып, теориялық модель эксперименттік сынақтан өткізілді. Ол жұмыстар бойынша 2016 жылы шығармашылық есеп беріліп, аудан және облыс көлемінде таратылды. 

         Құрметті әріптестер, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов, «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас» деген екен. Бұл сөздің астары айтпаса да түсінікті. Еліміздің болашағын бүгіннен бастап қалыптастырайық.

РАХМЕТ!!!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив