15
февраль
2021
"Жас саяхатшылар" үйірмесі
Кезекті қысқы сессияның өткізілу барысында ақпан айының 12 күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті , педагогика ғылымдарының кандидаты Байдалиев Дархан мен мектептегі "Жас саяхатшылар" клубының жетекшісі Саулебекова Элмираның ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына онлайн экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға тірек мектебі мен магниттік мектептердің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Онлайн Zoom платформасында облыстық мұражайдың экспозициялық залдарымен экскурсия жетекшісі Айдана Әбілқасымқызы, "Даңқ" залымен Н.Қаржаубаев , "Желтоқсан-86" орталығымен Л.Қабылбекова таныстырды.Онлайн саяхатқа қатысқан оқушылар археологиялық табыстар, өнер туындылары, қолөнер бұйымдары, көне құжаттар, қызықты суреттер мен басқа да тарихи құнды мұралармен танысып, музей қызметкерлерінің қызықты мәліметтерін тыңдады.Өңірдің бай тарихын танудың ең абзал жолы - мұражайды көзбен көру екендігін айтқан мұражай қызметкерлері оқушыларды мұражайға келіп, өз көздерімен көруге шақырды.









