Қамқоршылық кеңес » №25 Ақтөбе тірек мектебі
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№25 Ақтөбе тірек мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35 5-23-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 35 5-23-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
март
2018

Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында №25 Ақтөбе тірек мектебі (РО) директоры және №33 Теріс-Ащыбұлақ негізгі мектебінің меңгерушісінің есеп беру жиналысының хаттамасы №1


Ақтөбе ауылы                                                                                                                                 25.10.2018 жыл 

Кеңес төрағасы: Қамбаров Сапархан «Байлық» шаруа қожалығының иесі.

Төраға орынбасары: Сейдалиев Ерлан Айдарбекұлы - Ауылдық округ әкімі.

Хатшы: Қаламқас Омарбекова Бешкемпірқызы-«Балбөбек» бала бақшасының меңгерушісі.

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері, мұғалімдер

Күн тәртібінде:

1.Мектеп директоры Г.Әбілдаеваның 2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы есебі.

2.№33 Теріс-Ащыбұлақ негізгі мектеп меңгерушісіК.Мүсірепбекованың 2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы есебі.

3.Мектеп инспекторы Н.Мамедалиевтің 2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы есебі.

I.Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Г.Әбілдаеваның 2017-2018 оқу жылының І жарты жылындағы есебі тыңдалды. Ол өз сөзінде, мектептің барлық бағыттары бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, жоспарға сай жұмыстардың жүргізілгендігін айтты. Жоспар бойынша қамқоршылық кеңесінің екі отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланып отырды. Оқу жасындағы барлық балалар мектепке тартылып, әлеуметтік жағдайы қорғалмаған отбасылар туралы деректер қайта жинақталып, анықталған отбасынан шыққан оқушыларға жалпыға бірдей білім беру қорынан, демеушілер тарапынан көмек көрсетілуде. Атап айтсақ Ақтөбе ауылының тұрғыны Шымыров Қайрат Сайлаубекұлы, Сатаров Алмаз Илиясханұлы (20000т) қаржылай көмек көрсетті. Жыл сайын жаңа оқу жылының басында демеушілерге акцияға байланысты үндеулер таратылады. Тұрмысы қолайсыз-деп танылған отбасыларға, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, ата-анасымен түрлі жұмыстар жүргізіледі. Жыл сайын дәстүрлі түрде қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастырылуымен, қаңтар мен ақпан айында ай бойына «Қамқорлық» айлық акциясы тұрақты түрдеөткізіледі. «Көп түкірсе көл» демекші аталған акцияға мектептің әкімшілік басшылары, ата-аналар және мұғалімдер қауымы белсене атсалысады. Жыл сайын мектепте толық емес отбасынан шыққан, оқушылар мен аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар анықталып, оларға көмек көрсетіледі. Атап айтсақ, биылғы 2017-2018 оқу жылында «Қайырымдылық жасау-адамгершілік борышың»-атты мектепішілік жәрмеңке өткізіліп, түскен қаражатқа аз қамтылған отбасынан шыққан 2 оқушыға түгелдей мектепке қажетті құрал-жабдықтар әперілді. Үйде оқитын 1 оқушыға қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар, жалпыға міндетті оқумен қамту қорынан 15-балаға материалдық көмек берілді.Демеушілер тарапынан түскенқаржы (25000 тг) туралы есеп беріліп, комиссия мүшелері тарапынан тоқтам жасалды. Міндетті білім беру қорының есебінен 72 оқушыға бір уақыт мектеп асханасында тегін ыстық тамақ берілуде. 2018 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығынад «Мектепке жол» акциясы барысында, Қайырымдылық – асыл қасиет» тақырыбында сынып сағаттары, «Адам саудасы мен бала еңбегін қанауға тосқауыл қойылсын» тақырыбында пікір-талас, «Отбасы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындаата-аналар жиналысы өткізілді. «Мейірбандылық-жүректен, қайырымдылық-білектен» тақырыбында 6-10 сыныптар арасында шығарма байқауы, 1-5 сыныптар арасында «Ағзаға пайдалы дәрумендер» атты дөңгелек үстел, «Ардагерлерді ардақтайық» атты акция ұйымдастырылды. Мектеп директоры сөзінің соңында, алдағы уақытта да нәтижелі, тиімді жұмыстардың жалғасатындығын айтты.

II.Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша №33 Теріс-Ащыбұлақ мектебінің меңгерушісі К.Мүсірепбекованың 2017-2018 оқу жылындағы есебі тыңдалды. Аз қамтылған және толық емес, көп балалы отбасы балалары Жалпыға бірдей білім беру қорынан 20 оқушы, асхананы жалға алушы арендатор есебінен 20 бала жыл соңына дейін толықтай ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. «Мектепке жол» акциясы барысында 1 балаға (К.Выгузов) мектеп ұжымы тарапынан демеушілік жасап, қыстық куртка, аяқ киімдер, мектепке керекті құрал-жабыдықтар берілді. Мектепте «Қайырымды жол» тақырыбында сынып сағаттары, «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында жәрменке, «Ата-ана бақыт мекені» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. 1-4 сыныптар арасында «Бақытты балалық шақ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Тыңдалды:

Күн үшінші екінші мәселе бойынша мектеп инспекторының «Жас өспірімдердің құқық бұзушылығының алдын-алу» жұмыстары бойынша 2017-2018 оқу жылындағы есебі тыңдалды. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында, түнгі рейдтер жүргізу барысында жасөспірімдер заңды өкілдерінсіз үй-жайдан тыс жерде жүргені үшін айыппұл салынаты туралы ескертілді. Қазақстан Республикасы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 1-бабы 5 –тармағында көрсетілген құқық бұзушылық профилактикасы субьетілері, яғни аудандық прокуратура, білім бөлімі және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерімен бірге жүргізілген күндізгі рейд пен түнгі рейдтер жүргізу барысында дәлелсіз себептермен сабақтан кетіп қалған оқушылар анықталған жоқ.

Шешім: 

1.Ақтөбе тірек мектебі (РО) директорының 2017-2018 оқу жылында оқу-тәрбие жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп есептелінсін.

2.№33 Теріс-Ащыбұлақ негізгі мектеп меңгерушісінің 2017-2018 оқу жылындағыатқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп есептелінсін.

3.Мектеп инспекторының 2017-2018 оқу жылындағы атқарған жұмыстары қанағаттанарлық деп есептелінсін.

 

 

 Қамқоршылық кеңес төрағасы: Қамбаров Сапархан


 Хатшы:Омарбекова Қаламқас
























Похожие публикации:

26 октябрь 2018 Қамқоршылық кеңес
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив