02
октябрь
2023
конкурс
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №25 Ақтөбе тірек мектебі (РО)" КММ қосымша білім беру педагогы лауазымына және әлеуметтік педагог жұмысына қабылдау үшін конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2023-жылдың 13-қазанына дейін қабылданады.
Мекен-жайы: Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылы, Қайнар бұлақ көшесі №1А үй.
Контакты нөмері: 8-726-355-13-27, Электрондық пошта: juali-aktobe-om@mail.ru
Конкурс үміткерлері үшін құжаттар тізімі:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды;
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6."Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
