Адалдық сағаты
№ 25 Ақтөбе тірек мектебінде (РО), қоғамда әсіресе жастар арасында «парасаттылық принциптерін ілгеріту», «парасаттылық, әділдік, шынайылық» ұғымдарын трендке айналдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаттары өтілді. «Адалдық сағатында» өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері туралы кеңінен түсінік берілді. Сонымен қатар 4 негізгі құндылық: адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім туралы айтылды. Жоғарғы сыныптарға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас – жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттары, қылмыстар бойынша статистика, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыстары, сондай-ақ адалдық туралы видео роликтер мен слайд көрсетіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

