Іс-шаралар - №25 Ақтөбе тірек мектебі http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/ ru Іс-шаралар - №25 Ақтөбе тірек мектебі DataLife Engine Хаттама №7 http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/241-hattama-7.html http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/241-hattama-7.html ]]> admin Thu, 13 Feb 2025 15:36:06 +0600 Хаттама №3 http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/230-hattama-3.html http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/230-hattama-3.html ]]> admin Wed, 06 Nov 2024 14:00:33 +0600 Ваканция http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/227-vakancija.html http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/227-vakancija.html admin Sat, 31 Aug 2024 10:30:19 +0600 ОҚУШЫНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕГІ ТІРЕК МЕКТЕБІНІҢ (РО) ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕСІ http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/224-oushyny-leumettendrudeg-trek-mektebn-ro-timd-tzhribes.html http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/224-oushyny-leumettendrudeg-trek-mektebn-ro-timd-tzhribes.html Абильдаева Гульнара Жақсылыққызы

Жамбыл облысы Жуалы ауданы №25 Ақтөбе тірек мектебі  (РО)

Жас ұрпақты қоғамдық өмірге ерте кезден араластыру - өз еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке баулу, ел азаматтарына,еңбек ардагерлеріне деген құрметтеушілік, ізгілік ниеттерінің орнығуына, қысқасы, «өмір мектебінің» баспалдағынан біртіндеп қуат алып, оның қыр- сырымен  танысуға мүмкіндік туғызады.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр» - деген (2020 жылғы 1 қыркүйек).  Бұл қазіргі таңда бәсекеге қабілетті әлемдік стандарттар талабына сай келетін білім беру мен тәрбие кеңістігін құру. Осы бағытта, жастарды бүгінгі қоғамға лайық, жан-жақты дамыған азамат тұлғасын қалыптастыру жолында  Жамбыл облысы Жуалы ауданы №25 Ақтөбе тірек мектебінің (ресурстық орталық) іс-тәжірибиесі дәлел. Жақын орналасқан шағын жинақты мектептерді біріктіретін, білім беру ұйымы болып табылатын тірек мектептер (ресурстық орталықтар) оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуіне, әлеуметтік құзыреттілік сапаларын қалыптастыруына, педагогикалық ұжымның кәсіби деңгейінің артуына жағдай туғызады.

№25 Ақтөбе тірек мектебінің (ресурстық орталық) ең алғашқы баспалдағы  бастауыш мектеп ретінде, кейін орталау мектеп, келесі кезекте  орта мектеп болып қайта құрылған оқу ошағы 2013 жылы жаңа үлгіде бой көтеріп, пайдалануға берілген жаңа ғимаратқа орналасты. Осы айтулы оқиға мектеп тарихының жаңа парағын ашып, оқу-тәрбие үдерісіне жаңа серпіліс берді. Оқу-тәрбиелеу ордасы да заманға сай түрленіп,  материалдық-техникалық базасы толықтай жаңартылды.  2013-2014 оқу жылы мектеп ресурстық орталық статусын иеленіп, №23 Алатау орта мектебі және №26 Жаңаталап орта мектептері магниттік мектеп ретінде кіріктірілді. Қазіргі таңда ресурстық орталықта жаңа модификациялық физика,  биология,  химия,  лингофонды-мультимедиялық және компьютерлік кабинеттер,  IT және робототехника сыныптары бар. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың кәсіби қызығушылығын қалыптастыруды іске асыруға бағытталған арнайы жабдықталған зертханалық кабинеттер, спорт зал, акт залы және оқу залдары қолданыста.  Тірек мектепте (РО)   интернет желісі мен ақпараттық кеңістігі жоғары сападағы жүйеге қосылған. 

Тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) кадрлық, материалдық-техникалық құралдарын ортақтастыра пайдалана отырып дамыту мен демалыс жұмыстары арқылы оқу сессиясы уақытында магниттік мектеп оқушылары үшін ғылыми-шығармашылық зертханалар,  әртүрлі бағыттағы тәрбие жұмыстары ұйымдастырылып, әртүрлі білім және өнер сайыстарын, жобаларды қорғау іс-шаралары өткізіледі. 

Тірек мектебіндегі (ресурстық орталықтағы)   білім беру үдерісі 3 (тағайындаушы, оқу, қорытынды) сессиядан және сессияаралық мерзімнен тұрады. Сессияның ұзақтығы  тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) Үйлестіруші Кеңесі бекіткен оқу үдерісінің кестесіне сәйкес 3-10 күн аралығында тағайындалады. Сессия кезінде оқушылар базалық пәндер  бойынша оқу үдерісінде қиындық  туғызған мәселелерді игеруге білікті әдістемелік көмек алады, бейін ауқымында практикалық дағды меңгереді.

Тағайындаушы сессия оқу жылының басында өткізіледі. Сессия басталғанға дейін оқушыларды функциялық сауаттылығы мен білімділік деңгейіне кіру тестісі жүргізіледі. Осы тағайындаушы сессия кезінде кіру тестісінің нәтижелері ескеріліп, сессия жұмысы оқушылардың біліміндегі жетіспеушіліктерді толықтыруға бағытталады. 

Оқу сессиясы оқу жылының ортасында өткізіледі.  Оқу сессиясы оқушылардың оқып – үйренетін пәндерінің практикалық бағытталуын   тереңдетуді  көздейді.  Химия мен физикадан зертханалық  және практикалық жұмыстар,  математикадан практикумдар, қоғамдық пәндерден тренингтер, жобалаушы іс - әрекеттер қолданылатын  сабақтар   өткізіледі. Сабақ циклдық -   модульдік  үлгіде тірек және магниттік мектептердің мұғалімдерінің күшімен ұйымдастырылады, бұл магниттік мектеп оқушыларын  жаңа ортаға  психологиялық бейімдейді. Сессия қорытындысы бойынша оқушылардың білімділік деңгейі анықталып, сессияаралық мерзімде оқу қиындықтарын болдырмау ұсыныстары беріледі.

Қорытынды сессия оқу жылының аяғында өткізіледі. Оқытудың жеке оқу маршрутын жүзеге асырудың қорытындысы жасалып, базалық пәндер және таңдау курстары бойынша түйінді мәселелер айқындалады. Кеңес беру сағаты ұйымдастырылады. Ал сессияаралық мерзімде оқушылардың оқу – танымдық іс - әрекеті тірек мектептерінің мұғалімдерінің қолдауымен шағын жинақты мектептерде қашықтан оқыту арқылы жүреді. 

Тірек мектеп (РО) мұғалімдерінің кәсіби әлеуетін үздіксіз жетілдіру  және іс-тәжірибе тарату мақсатында (магниттік мектеп ұстаздарын қоса алғанда) кәсіби желілік қауымдастығы ұйымдастырылған. Бұл тірек мектеп базасында ауқымды  ЖОО мен басқа да білім беру мекемелерімен ғылыми-пркатикалық конференциялар,  әдістемелік семинарлар, кездесулер, ашық есік күндері, танымдық іс-шаралар өткізіледі. Мәселен, 2017 ж. «Тірек мектебі жағдайында (РО) ШЖМ оқушыларын әлеуметтендіру» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар, 2018 ж. «Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқушыларды әлеуметтендірудің ұйымдастыру-педагогикалық шарттары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар және т.б. өткізді.  Шағын жинақты мектеп оқушысының білім сапасын арттыру мен қоғамға әлеуметтендіру мақсатында жан-жақты бағыттағы ұйымдастырылған  іс-шаралар мен тәжірибелер аясында, сонымен қатар жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайындағы үздік тәжірибе  үлгілерін тарату аясында №25 Ақтөбе тірек мектебі(РО) «Үздік тірек мектебі»  республикалық байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, мектеп ұжымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Алғыс хатымен марапатталды. 2020-2021 оқу жылында «Ең үздік шағын жинақталған мектеп» номинациясын жеңіп алып, облыс әкімінің   1 млн тг. сертификатын иеленді. 

Тірек мектепте (РО) оқушы тұлғасын әлеуметтендіруге бағытталған 14 үйірме, 1 клуб жұмыс жасайды. Аталған үйірмелер мен клубқа қатысатын оқушылар шығармашылық  қабілеттерін шыңдап, түрлі жарыстарда, байқауларда оза шауып жүр. Соңғы үш жылда аудандық  пән олимпиадаларында -26 оқушы, облыстық пән олимпиадаларында-5 оқушы, республикалық қашықтық олимпиадаларда - 57 оқушы, халықаралық қашықтық олимпиадада -10 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Аудандық ғылыми жарыстарда-32 оқушы, облыстық ғылыми жарыстарда-22 оқушы, республикалық ғылыми жарыстарда -4 оқушы жүлделі орындарды иеленді.

Мектеп педагогтарының ғылыми еңбектері республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларының 75 жинағында жарық көрді. Оқу-әдістемелік құралдар жариялауы бойынша: педагогтар мектепішілік - 7, желілік бағытта - 10, ЖОО профессор-оқытушылармен бірлестікте 3 әдістемелік нұсқаулық, 4 авторлық бағдарлама жарық көрді. 

Тірек мектептің (ресурстық орталық)  тәжірибесі оқушылардың  қоғам талабына жылдам бейімделуіне, болашақ кәсіби маман иесі жолындағы жаңа өзгерістерді жағымды қабылдауына, цифландыру кеңістігін еркін меңгеруіне арналған үлкен мүмкіндік.

]]>
Абильдаева Гульнара Жақсылыққызы

admin Sat, 25 May 2024 10:12:25 +0600
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №25 АҚТӨБЕ ТІРЕК МЕКТЕБІ (РО)» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МКЕМЕСІ Қамқоршылық кеңестің сайлану конкурсының өткізілуі туралы http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/197-zhambyl-oblysy-kmdgn-blm-basarmasy-zhualy-audanyny-blm-blmn-25-atbe-trek-mekteb-ro-kommunaldy-memlekettk-mkemes-amorshyly-keest-sajlanu-konkursyny-tkzlu-turaly.html http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/197-zhambyl-oblysy-kmdgn-blm-basarmasy-zhualy-audanyny-blm-blmn-25-atbe-trek-mekteb-ro-kommunaldy-memlekettk-mkemes-amorshyly-keest-sajlanu-konkursyny-tkzlu-turaly.html «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ 

№25 АҚТӨБЕ ТІРЕК МЕКТЕБІ (РО)» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МКЕМЕСІ

Қамқоршылық кеңестің сайлану конкурсының 

өткізілуі туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Жамбыл облысы әкімдігінің білімс басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімі» №25 Ақтөбе тірек мектебі (РОкоммуналдық мемлекеттік мекемесі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қғидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27шілдедегі №355 бұйрығына (ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 №56 бұйрығымен өзгерістер) сәйкес мектептің Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкуртың өтетінін хабарлайды.

Шақырылады:

«Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына»  сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамы бойынша ұсыныстар күтеміз. Ұсыныстар хабарландыру шыққаннан кейінгі 20 күн ішінде қабылданады.

1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллелінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;

 2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

 3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам

 5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

 6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;

 7) оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.

Қабылдау бөлімі тел: 87785374098

Электрондық адрес: kamshat.akhmetova@internet.ru

Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Ахметова К.Ш. 87785374098 

]]>
admin Mon, 04 Sep 2023 12:58:57 +0600
Бұйрық http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/200-bjry.html http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/200-bjry.html ]]> admin Fri, 01 Sep 2023 11:30:32 +0600 Құрметті ата-аналар❗ 🤗🏷 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігі өзгерістер енгізді. 📥1-сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді. 👨‍💼👩‍💼1-сыныпқа 6 жастағы балалар қабылдан http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/191-rmett-ata-analar-2020-zhyly-balalardy-mektepke-abyldau-erezhelerne-r-ou-aartu-ministrlg-zgerster-engzd-1-synypa-zhattardy-abyldau-zhyl-sajyn-1-sur-men-1-tamyz-aralyynda-ted-1-synypa-6-zhasta.html http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/191-rmett-ata-analar-2020-zhyly-balalardy-mektepke-abyldau-erezhelerne-r-ou-aartu-ministrlg-zgerster-engzd-1-synypa-zhattardy-abyldau-zhyl-sajyn-1-sur-men-1-tamyz-aralyynda-ted-1-synypa-6-zhasta.html ]]> admin Fri, 31 Mar 2023 12:31:19 +0600 Оқушыларды кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқырмандардың назарын кітапқа аударту, кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу, оқырмандарды жаңа кітаптармен және жаңа авт http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/190-oushylardy-ktap-oua-tartu-ktapty-kp-oityn-orta-alyptastyru-oyrmandardy-nazaryn-ktapa-audartu-ktapty-adam-mrndeg-orny-turaly-tsnk-beru-ktapty-sje-bluge-ktapty-adrleuge-baulu-oyrmandardy-zhaa.html http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/190-oushylardy-ktap-oua-tartu-ktapty-kp-oityn-orta-alyptastyru-oyrmandardy-nazaryn-ktapa-audartu-ktapty-adam-mrndeg-orny-turaly-tsnk-beru-ktapty-sje-bluge-ktapty-adrleuge-baulu-oyrmandardy-zhaa.html ]]> admin Fri, 24 Mar 2023 10:28:51 +0600 Отбасы туралы түсінік беру. Отбасы құндылығының маңыздылығын ұғындыру, отбасындағы үлкенге құрмет, кішіге инабаттылыққа тәрбиелеу. http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/188-otbasy-turaly-tsnk-beru-otbasy-ndylyyny-mayzdylyyn-yndyru-otbasynday-lkenge-rmet-kshge-inabattylya-trbieleu.html http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/main/188-otbasy-turaly-tsnk-beru-otbasy-ndylyyny-mayzdylyyn-yndyru-otbasynday-lkenge-rmet-kshge-inabattylya-trbieleu.html ]]> admin Thu, 23 Mar 2023 10:19:09 +0600 Әрбір жылдың өзіндік өрнегі бар http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/ttytau/151-rbr-zhyldy-zndk-rneg-bar.html http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/ttytau/151-rbr-zhyldy-zndk-rneg-bar.html Әрбір жылдың өзіндік өрнегі бар 

Өмір – өзен, уақыт – зымыран. Олай деуге негіз: міне, әп- сәтте, көзді ашып- жұмғанша тағы да бір жыл сынаптай сырғып, артта қалып отыр. Әр жылды шығарып салған сайын өткенге көз жіберіп, болашақты болжау, яғни не істедік, енді не істеуге тиіспіз деп зерделей қарау – әрбір азаматтан бастап ертеңін ойлайтын өркениетті елдің ежелден қалыптасқан қағидасы, дағдысы. Қай салада болсын, соңғы жылдарда алға жылжу, ілгерілеу басым. Әрине, бұған жету және одан әрі дамыту үшін, ең алдымен, елге аса білімді ұрпақ керек. Мұнда сөз жоқ, еліміздің білім беру жүйесі басты рөл атқарады. Білім беру саласында жетістікке қол жеткізудің бірден- бір жолы - нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізу. Осы орайда, мен басшылық ететін №25 Ақтөбе тірек мектебі (РО) ұжымының 2021- 2022 оқу жылында қол жеткізген жетістіктерін атап айту орынды. Өзім мектеп басшысы ретінде қатысқан «Табысты менеджер» облыстық байқауында ІІІ орын иелендім. Үстіміздегі оқу жылында мектебіміздегі 4 педагогтің авторлық бағдарламасы жарық көрді. Тарих пәнінің мұғалімдері Р. Жапаров пен Э. Сәулебекованың «Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Тараздың керуен жолдары» атты авторлық бағдарламасы, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Т. Алиеваның «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г. Кемелованың «The effective way of teaching grammar in modern english» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы басылып шықты. Мектеп ұстаздарының түрлі тақырыптарда жазылған мақалалары халықаралық, республикалық басылым беттерінде жарияланды. «Ғылым, қоғам, инновация: өзекті мәселелер және қазіргі заман аспектілері» атты І Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясының материалдар жинағында А.Айтуарова, Т.Алиева, А.Джапаров, Р.Жапаров, А.Есбосынова, Г.Кемелова, Д.Усембекова, А.Усерхановтың мақалалары жарық көрді. Республикалық ғылыми- әдістемелік «Тағылым» журналында Г.Әбілдаева, Э.Сәулебекова, Г.Оштанова, Р.Жапаров, К.Ахметова, Д.Усембекова, Т. Алиева, Ж. Нәдірбаеваның мақаласы басылды. Ұстазға қарап шәкірт өседі, - деп дана халық айтқандай мектеп оқушыларының жетістіктері көңіл қуантады. Аудандық 5-6 сынып оқушылары арасындағы «Дарын» пәндер олимпиадасынан 4 оқушымыз жеңімпаз атанды. Аудандық 9-11 сынып оқушылары арасындағы пәндер олимпиадасында 4 оқушымыз жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Республикалық пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10- сынып оқушысы Сапарбай Нұрай, 9- сынып оқушысы Сыдық Рашид,10- сынып оқушысы Игілікбай Әсел жүлделі ІІІ орынды иеленді. Аудандық әртүрлі байқаулар жеңімпаздары – 15 оқушы; Аудандық ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары -4 оқушы; Облыстық ғылыми жобаға 6- сынып оқушысы Қалдыбай Еркеназ «Экологиялық пирамида» атты жобасын қорғап І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Г. Әбілдаева. 10- сынып оқушысы Сағатбек Ақтаң облыстық ғылыми жоба байқауына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Р. Жапаров. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Қарым-қатынас психологиясы» тақырыбы бойынша «100 кітап» жобасы аясында өткен ғылыми іс-шараға 10- сынып оқушысы Сапарбай Нұрай қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Г. Әбілдаева. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Қарым-қатынас психологиясы» тақырыбы бойынша «100 кітап» жобасы аясында өткен ғылыми іс-шараға 5-сынып оқушысы Сәрсен Аниса қатысып, «КРЕАТИВТІ ОҚЫРМАН» номинациясына ие болды, жетекшісі Т. Алиева. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Қарым-қатынас психологиясы» тақырыбы бойынша «100 кітап» жобасы аясында өткен ғылыми іс-шараға 10-сынып оқушысы Лесбек Бифатима қатысып, «КРЕАТИВТІ ОҚЫРМАН» номинациясына ие болды, жетекшісі Э. Саулебекова. Облыстық «Qazaq Epos» жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының облыстық кезеңінде «Едіге батыр» жырын жаттағаны үшін 8- сынып оқушысы Сәрсен Жасбол алғыс хатпен марапатталды, жетекшісі Т. Алиева. Облыстық 5-10 сынып оқушылары арасында өткен «Табиғатын сүйемін туған елдің» тақырыбындағы көркемсөз оқу байқауының ІІІ орын иегері 5-сынып оқушысы Сәрсен Аниса, жетекшісі Т. Алиева. Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық «Ғибраты мол Ғабекең!» атты кітап оқу сайысында үздік нәтиже көрсеткені үшін Лесбек Бифатима ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі С. Ералы. «Кітап оқитын мектеп» атты облыстық байқаудың ІІІ дәрежелі диплом жеңімпазы Лесбек Бифатима, жетекшісі Ғ. Каюпова. Облыстық «Қызғалдақ -2021» атты фестивальдің «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Сарсен Аниса І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Жанабилова Дина. Облыстық «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты байқауының жеңімпазы №25Ақтөбе тірек мектебінің (РО) мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушісі Сейсебек Айғаным Ренатқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Жолдас Ақерке. Республикалық оқушылар арасындағы онлайн қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері – 214 оқушы; Республикалық әртүрлі тақырыпта қашықтықтан өткізілген интернет байқауларының жүлдегерлері – 34 оқушы; Оқушылар арасындағы Халықаралық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері – 24 оқушыны қамтыды. Биылғы оқу жылында атқарылған ауқымды шаралардың бірі «Оқуға құштар мектеп» жобасы. Жоба оқу жылының басынан бастау алып, әр тоқсан сайын кезең- кезеңімен жоспарға сай өткізіліп отырды. «Оқуға құштар мектеп» жобасының қорытынды кеші 8 маусым күні салтанатты түрде өтті. Қорытынды кешке 1. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік өңірлік университетінің психология ғылымының докторы, кафедра меңгерушісі Турдалиева Шолпан; 2. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Шерхантану бөлімінің меңгерушісі Қожамарова Назым Тоқтасынқызы; 3. Ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп- интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсебаев Базарбай Рысбайұлы; 4. Білім бөлімінің ғылыми - сарапшы әдіскері Исмаилова Шолпан Бахтиярқызы; 5. Ата- аналар кеңесінің төрайымы Әбделиева Әсем Аманқызы төрелік етті. Барлық қатысушыларды мұқият тыңдап, оқыған шығармаларынан үзінді айтқызып, сұрақтар қойып, жан- жақты талдады. Нәтижесінде, оза шапқан үздіктер анықталды. Атап айтсақ, «Үздік оқырман» статуеткасын Марқабай Мадина, Сапарбай Нұрай, Лесбек Бифатима иемденіп бағалы смартсағаттар табысталды. 5 оқушыға велосипед, 3 оқушыға смарт-сағат, 1 домбыра, 3 оқушыға құлаққап, 2 оқушыға сымсыз құлаққап, 6 оқушыға буфер, сыйлықтары берілді. Сонымен қатар, ерекше ынтамен оқыған 24 оқушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев: «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Алдағы уақытта бұдан да жоғары деңгейдегі нәтижеге бағытталған жұмысты ұжым болып көрсететінімізге сенімдімін

]]>
admin Wed, 25 May 2022 06:03:43 +0600