ҰБТ - №25 Ақтөбе тірек мектебі http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/ ru ҰБТ - №25 Ақтөбе тірек мектебі DataLife Engine Оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылуда http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/oushylara/bt/7-jjj.html http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/oushylara/bt/7-jjj.html Бүгінде бала болашағының ертеңін ойлаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ел ертеңі жастардың қолында» деп атап көрсеткендей, еліміздің ертеңі болатын жастарды дайындау барысында мектептегі әлеуметтік педагог қызметкерлердің алатын орны ерекше.

Оқушылардың әлеуметтену ортасын, өмір сүру жағдайын зерделеу, олардың құқығы мен мүддесін қорғау істері, әлеуметтік көмекті талап ететін балалардың есебін жүргізу, қамқорлыққа алу, олардың өмірлік іс-әрекетіне қолайлы жағдай жасау әлеуметтік ұйымдастыру жұмыстары бойынша жыл бойына оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту мақсатында мектепке жаңадан келген оқушылардың отбасы туралы ақпаратты жинақтау жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №684 бұйрығы 5-қосымшасына сәйкес және Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №84, 31.01.2019 жылғы бұйрыққа №1 қосымшасын негізге ала отырып, мектебімізде 87 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Мектебіміздің асханасында оқушылардың тамақтануы үшін 60 орын есептелген. Асхана күніне 87 оқушыны 2 ауысыммен қабылдайды. І-ші ауысымда бастауыш сыныптар яғни 1 мен 4 сынып аралығындағы оқушылар сағат 955-1010 –ға дейін - 35 оқушы тамақтанады, ал ІІ - ауысымда жоғарғы сыныптар яғни 5 пен 11 сынып аралығындағы оқушылар 1050-1105 –ке дейін - 52 оқушы тамақтанады. Ыстық тамақпен қамтылған 87 оқушының 59-ы көп балалы отбасынан шыққан, ал 11-і жартылай жетім балалар және 16-сы аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар.

Жоспар бойынша тамақпен қамтылатын оқушылар тізімі жасалды. Тамақтың сапасын, берілу мөлшерін қадағалайтын комиссия мүшелері сайланды. Комиссия құрамы әкімшілік мүшелері мен медбике, ата-аналар комитеті және әлеуметтік педагог. Асханада әкімшілік мүшелері мен сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог кезекшілігі бекітілген. Асханада күнделікті ас мәзірі туралы мәліметтер ілінген. Аталған комиссия мүшелерінің тарапынан тамақтың сапасы үнемі бақыланып отырады.

 

Ас мәзірі және шағым дәптері

 

 

Оқушылардың тамақтану кестесі

 

 

 

Оқушылардың тамақтану сәті

 


 


 


 

 

 


 


 


]]>

 

 


]]>
admin Wed, 13 Feb 2019 23:34:01 +0600
Қамқоршылық кеңес http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/oushylara/bt/2-amorshyly-kees.html http://aktobe-zhualy.mektebi.kz/oushylara/bt/2-amorshyly-kees.html ]]> №25 Ақтөбе тірек мектебінде (РО)

қамқоршылық кеңес жұмысының

І жарты жылдықта атқарған жұмысының есебі

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы және қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын басшылыққа ала отырып, №25 Ақтөбе тірек мектебінде (РО) ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, қамқоршылық кеңес ережелерімен ата-аналар таныстырылды.Кеңес құру туралы шешім қабылданды. Шешімді іске асыру мақсатында қамқоршылық кеңес жұмысы ұйымдастырылды. Қамқоршылық- кеңесінің құрамы 9 кісіден тұрады.

 


1.Қамқоршылық кеңестің төрағасы - Қамбаров Сапархан «Байлық» шаруа қожалығы;

2.Қамқоршылық кеңестің төрағасының орынбасары - Сейдалиев ЕрланАуылдық округ әкімі; (келісім бойынша)

Мүшелері:

1.Омарбекова Қаламқас-«Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі;

2.Саурықов Есен – учаскелік инспектор;

3.Жүзбаев Ерназар – білім бөлімі әдіскері;

4.Сатаров Илиясхан – Ақсақалдар кеңесінің төрағасы;

5.Үсенбеков Ермек – ата-ана;

6.Акимкулова Галия – Ақтөбе ауылдық фельдшерлік мед пунктінің медбикесі;

7.Есінбетова Ақмарал – ата-ана.

Қамқоршылық кеңесінің жұмысының нәтижесінде № 25 Ақтөбе тірек мектебінің (РО), оқу жасындағы барлық балалар мектепке тартылып, әлеуметтік жағдайы қорғалмаған отбасылар туралы деректер қайта жинақталып, анықталған отбасынан шыққан оқушыларға жалпыға бірдей білім беру қорынан, демеушілер тарапынан көмек көрсетілуде. Жыл сайын жаңа оқу жылының басында демеушілерге акцияға байланысты үндеулер таратылады. Тұрмысы қолайсыз-деп танылған отбасыларға, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, ата-анасымен түрлі жұмыстар жүргізіледі. Жыл сайын дәстүрлі түрде қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастырылуымен, қаңтар мен ақпан айында ай бойына «Қамқорлық» айлық акциясы тұрақты түрде өткізіледі. «Көп түкірсе көл» демекші аталған акцияға мектептің әкімшілік басшылары, ата-аналар және мұғалімдер қауымы белсене атсалысады. Сонымен бірге аталған игі істен жеке кәсіпкерлер мен демеуші ретінде ауыл тұрғындары да тыс қалмайды. Кеңес мүшелерінің қолдауымен, ұйымдастыруымен жыл сайын мектепте толық емес отбасынан шыққан, оқушылар мен аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар анықталып, оларға көмек көрсетіледі. Атап айтсақ, биылғы 2017-2018 оқу жылында «Қайырымдылық жасау-адамгершілік борышың»-атты мектепішілік жәрмеңке өткізіліп, түскен қаражатқа аз қамтылған отбасынан шыққан 2 оқушыға түгелдей мектепке қажетті құрал-жабдықтар әперілді. Үйде оқитын 1 оқушыға қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар, жалпыға міндетті оқумен қамту қорынан 15-балаға материалдық көмек берілді. Демеушілер тарапынан түскен қаржы (25000 тг)туралы есеп беріліп, комиссия мүшелері тарапынан тоқтам жасалды. «Қамқоршылық кеңестің» жұмыс жоспарына сәйкес алдағы уақыттарда атқарар іс-шаралары жалғасын табуда.

Кеңестің төрағасы, қамқоршылық кеңесі осы уақыт ішінде мектеп пен кеңес мүшелері тығыз байланыста болып, біршама жұмыстар атқарды.

2018 жылдың қаңтар айындағы №1 отырысында Кеңес мүшелерінің міндеттері, атқаратын қызметі түсіндіріліп, нақтыланды. Сонымен қатар, бірінші отырыста қамқоршылық кеңес мүшелері білім беру ұйымдарында, қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру, және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту, туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен таныстырылды.

Жаңа оқу жылының І жарты жылдығында қамқоршылық кеңес келесі іс-шараларды өткізуге ат салысты:

- Тоқсандық ата – аналар жиналыстарына қатысты;

- Қаңтар айында өткен «Қыз жібек» қыздар жиналысына қатысты;

- Желтоқсан айында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен бұқаралық-спорттық жарысқа қатынасты;

- Мектепішілік«Жаңа жыл-2018» мерекесіне тартылып, ат салысты;

- Профилактикалық кеңес отырысына қатысты;

- Қамқоршылық кеңестің 2 отырысы өтті.

2018 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы барысында, «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету» ұранымен аз қамтылған, және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға мектепте «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Акцияны жүргізу және ұйымдастыру мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан акцияны ұйымдастыру комитеті құрылды. Акцияның мақсаты - жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. Мектепте мұғалімдер ұжымы, ата-аналар қоғамдастығы, құқық қорғау ұйымдары қызметкерлерімен бірлесіп аралайды, және оқумен қамтамасыз етілмеген балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

Беймезгіл уақытта жүретін оқушыларды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушылардың үйлеріне рейд ұйымдастырылып, мектеп оқушыларының ата-аналары, және олардың мектеп жасындағы балаларымен әңгімелер жүргізілді. Ата-аналарға балаларының сабаққа дайындығына жауапкершілікпен қарау керектігі ескертілді. Мектеп бойынша аз қамтылған отбасылардан, келіп оқитын оқушылардың тізімі жасалып, тұрмысы төмен отбасынан келіп оқитын оқушы саны аңықталып, солардан 72 оқушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Күнделікті оқушылардың сабаққа толық қатысуына жағдай жасалып, мектеп әкімшілігі учаскелік инспекторлармен бірлесіп, оқушылардың оқудан бұлтару деректерінің алдын алу жұмыстары уақытылы жүргізіледі. Аз қамтамасыз етілген оқушыларға көмек көрсету үшін әлеуметтік қайырымдылық көрсетушілер, мен меценаттарды іздеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияға мектеп мұғалімдері арасынан демеушілер тартылды.

Сонымен қатар, «Қамқорлық» қайырымдылық акция барысында 1-11 сыныптарға «Қайырымдылық – асыл қасиет» тақырыбында сынып сағаттары, «Адам саудасы мен бала еңбегін қанауға тосқауыл қойылсын» тақырыбында пікір-талас, «Отбасы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. «Мейірбандылық-жүректен, қайырымдылық-білектен» тақырыбында 6-10 сыныптар арасында шығарма байқауы, 1-5 сыныптар арасында «Ағзаға пайдалы дәрумендер» атты дөңгелек үстел, «Ардагерлерді ардақтайық» атты акция ұйымдастырылды. Желтоқсан айында жаңа-жылдық шыршаға дайындық жүргізіліп, демеуші ата-аналар тарапынан жаңа-жылдық шыршаны ұйымдастыруға, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға мерекелік кешке арналған, оқушылардың киіп шығуына арналған жаңа жылдық костюмдеріне көмектесті. Қамқоршылық кеңестің жұмыс істеу нәтижесінде мектеп үшін істің кең ауқымы ашылды. Алдағы уақытта нәтижелі де, тиімді жұмыстар атқарылады.

 

]]>
admin Fri, 26 Oct 2018 23:56:21 +0600