Әрбір жылдың өзіндік өрнегі бар
Әрбір жылдың өзіндік өрнегі бар
Өмір – өзен, уақыт – зымыран. Олай деуге негіз: міне, әп- сәтте, көзді ашып- жұмғанша тағы да бір жыл сынаптай сырғып, артта қалып отыр. Әр жылды шығарып салған сайын өткенге көз жіберіп, болашақты болжау, яғни не істедік, енді не істеуге тиіспіз деп зерделей қарау – әрбір азаматтан бастап ертеңін ойлайтын өркениетті елдің ежелден қалыптасқан қағидасы, дағдысы. Қай салада болсын, соңғы жылдарда алға жылжу, ілгерілеу басым. Әрине, бұған жету және одан әрі дамыту үшін, ең алдымен, елге аса білімді ұрпақ керек. Мұнда сөз жоқ, еліміздің білім беру жүйесі басты рөл атқарады. Білім беру саласында жетістікке қол жеткізудің бірден- бір жолы - нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізу. Осы орайда, мен басшылық ететін №25 Ақтөбе тірек мектебі (РО) ұжымының 2021- 2022 оқу жылында қол жеткізген жетістіктерін атап айту орынды. Өзім мектеп басшысы ретінде қатысқан «Табысты менеджер» облыстық байқауында ІІІ орын иелендім. Үстіміздегі оқу жылында мектебіміздегі 4 педагогтің авторлық бағдарламасы жарық көрді. Тарих пәнінің мұғалімдері Р. Жапаров пен Э. Сәулебекованың «Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Тараздың керуен жолдары» атты авторлық бағдарламасы, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Т. Алиеваның «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г. Кемелованың «The effective way of teaching grammar in modern english» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы басылып шықты. Мектеп ұстаздарының түрлі тақырыптарда жазылған мақалалары халықаралық, республикалық басылым беттерінде жарияланды. «Ғылым, қоғам, инновация: өзекті мәселелер және қазіргі заман аспектілері» атты І Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясының материалдар жинағында А.Айтуарова, Т.Алиева, А.Джапаров, Р.Жапаров, А.Есбосынова, Г.Кемелова, Д.Усембекова, А.Усерхановтың мақалалары жарық көрді. Республикалық ғылыми- әдістемелік «Тағылым» журналында Г.Әбілдаева, Э.Сәулебекова, Г.Оштанова, Р.Жапаров, К.Ахметова, Д.Усембекова, Т. Алиева, Ж. Нәдірбаеваның мақаласы басылды. Ұстазға қарап шәкірт өседі, - деп дана халық айтқандай мектеп оқушыларының жетістіктері көңіл қуантады. Аудандық 5-6 сынып оқушылары арасындағы «Дарын» пәндер олимпиадасынан 4 оқушымыз жеңімпаз атанды. Аудандық 9-11 сынып оқушылары арасындағы пәндер олимпиадасында 4 оқушымыз жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Республикалық пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10- сынып оқушысы Сапарбай Нұрай, 9- сынып оқушысы Сыдық Рашид,10- сынып оқушысы Игілікбай Әсел жүлделі ІІІ орынды иеленді. Аудандық әртүрлі байқаулар жеңімпаздары – 15 оқушы; Аудандық ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары -4 оқушы; Облыстық ғылыми жобаға 6- сынып оқушысы Қалдыбай Еркеназ «Экологиялық пирамида» атты жобасын қорғап І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Г. Әбілдаева. 10- сынып оқушысы Сағатбек Ақтаң облыстық ғылыми жоба байқауына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Р. Жапаров. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Қарым-қатынас психологиясы» тақырыбы бойынша «100 кітап» жобасы аясында өткен ғылыми іс-шараға 10- сынып оқушысы Сапарбай Нұрай қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Г. Әбілдаева. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Қарым-қатынас психологиясы» тақырыбы бойынша «100 кітап» жобасы аясында өткен ғылыми іс-шараға 5-сынып оқушысы Сәрсен Аниса қатысып, «КРЕАТИВТІ ОҚЫРМАН» номинациясына ие болды, жетекшісі Т. Алиева. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Қарым-қатынас психологиясы» тақырыбы бойынша «100 кітап» жобасы аясында өткен ғылыми іс-шараға 10-сынып оқушысы Лесбек Бифатима қатысып, «КРЕАТИВТІ ОҚЫРМАН» номинациясына ие болды, жетекшісі Э. Саулебекова. Облыстық «Qazaq Epos» жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының облыстық кезеңінде «Едіге батыр» жырын жаттағаны үшін 8- сынып оқушысы Сәрсен Жасбол алғыс хатпен марапатталды, жетекшісі Т. Алиева. Облыстық 5-10 сынып оқушылары арасында өткен «Табиғатын сүйемін туған елдің» тақырыбындағы көркемсөз оқу байқауының ІІІ орын иегері 5-сынып оқушысы Сәрсен Аниса, жетекшісі Т. Алиева. Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық «Ғибраты мол Ғабекең!» атты кітап оқу сайысында үздік нәтиже көрсеткені үшін Лесбек Бифатима ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі С. Ералы. «Кітап оқитын мектеп» атты облыстық байқаудың ІІІ дәрежелі диплом жеңімпазы Лесбек Бифатима, жетекшісі Ғ. Каюпова. Облыстық «Қызғалдақ -2021» атты фестивальдің «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Сарсен Аниса І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Жанабилова Дина. Облыстық «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты байқауының жеңімпазы №25Ақтөбе тірек мектебінің (РО) мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушісі Сейсебек Айғаным Ренатқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Жолдас Ақерке. Республикалық оқушылар арасындағы онлайн қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері – 214 оқушы; Республикалық әртүрлі тақырыпта қашықтықтан өткізілген интернет байқауларының жүлдегерлері – 34 оқушы; Оқушылар арасындағы Халықаралық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері – 24 оқушыны қамтыды. Биылғы оқу жылында атқарылған ауқымды шаралардың бірі «Оқуға құштар мектеп» жобасы. Жоба оқу жылының басынан бастау алып, әр тоқсан сайын кезең- кезеңімен жоспарға сай өткізіліп отырды. «Оқуға құштар мектеп» жобасының қорытынды кеші 8 маусым күні салтанатты түрде өтті. Қорытынды кешке 1. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік өңірлік университетінің психология ғылымының докторы, кафедра меңгерушісі Турдалиева Шолпан; 2. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Шерхантану бөлімінің меңгерушісі Қожамарова Назым Тоқтасынқызы; 3. Ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп- интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсебаев Базарбай Рысбайұлы; 4. Білім бөлімінің ғылыми - сарапшы әдіскері Исмаилова Шолпан Бахтиярқызы; 5. Ата- аналар кеңесінің төрайымы Әбделиева Әсем Аманқызы төрелік етті. Барлық қатысушыларды мұқият тыңдап, оқыған шығармаларынан үзінді айтқызып, сұрақтар қойып, жан- жақты талдады. Нәтижесінде, оза шапқан үздіктер анықталды. Атап айтсақ, «Лучший оқырман» статуеткасын Марқабай Мадина, Сапарбай Нұрай, Лесбек Бифатима иемденіп бағалы смартсағаттар табысталды. 5 оқушыға велосипед, 3 оқушыға смарт-сағат, 1 домбыра, 3 оқушыға құлаққап, 2 оқушыға сымсыз құлаққап, 6 оқушыға буфер, сыйлықтары берілді. Сонымен қатар, ерекше ынтамен оқыған 24 оқушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев: «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Алдағы уақытта бұдан да жоғары деңгейдегі нәтижеге бағытталған жұмысты ұжым болып көрсететінімізге сенімдімін