«Әкелер бізде қонақта» атты онкүндік
№25 Ақтөбе тірек мектебінде (РО) 2019 жылдың 18-30 қыркүйек аралығында отбасы мен мектеп аралығындағы ынтымақтастықты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке тәрбиесіндегі рөлін арттыру мақсатында «Әкелер бізде қонақта» атты онкүндік өтті. 1-11 сыныптар аралығында «Мен және менің отбасым», «Менің әкем-ғажап жан», «Әке жол-ізгі жол» атты бірыңғай өнеге сағаттары өткізілді. Сондай-ақ сабақта түрлі видероликтер мен әкеге деген құрмет бағытында әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Бастауыш сыныптар арасында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Әкем менің жан жүрегім» тақырыбында әке туралы шығармашылық жұмыстар, Жоғарғы сынып оқушыларымен «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты Ұлы тұлғалармен кездесу өткізілді. Кездесудің масаты кейінгі жастарға болашақ өмірлерінің маңыздылыңын ұғындыру еді. Отбасы мен балалар және ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ынталы әкелерімізді анықтау мақсатында «Спорт сүйер әкеден-салауатты бала» атты спорттық сайысы болып өтті. «Әкем менің жан жүрегім» тақырыбында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында суреттер, ашық хаттар, көрмелер мен эссе байқаулар ұйымдастырылды. Тәрбиелік мәні зор іс-шараларымыздың ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше деп білеміз.