Мектеп тарихы
МЕКТЕПТІҢ ТАРИХЫ Асқаралы Алатау мен қазыналы қарт Қаратаудың бөктерінде орын тепкен Ақтөбе ауылындағы №25 Ақтөбе орта мектебінің өткені де өзінше бір шежіре. Мектеп тарихы сонау 1940 жылдары, 4 оқу бөлмесінен тұратын бастауыш мектеп болып ашылғаннан бастау алады. Бастапқы кезде мектепті Кандалова Лидия Ивановна басқарды. 1974-1992 жылдары Попова Галина Ивановна басшылық жұмыстарды жалғастырса, 1992-1996 жылдары Мадкрамова Айша сияқты білікті ұстаз тізгінді