Мектеп тарихы
Асқаралы Алатау мен қазыналы қарт Қаратаудың бөктерінде орын тепкен Ақтөбе ауылындағы №25 Ақтөбе орта мектебінің өткені де өзінше бір шежіре. Мектеп тарихы сонау 1940 жылдары, 4 оқу бөлмесінен тұратын бастауыш мектеп болып ашылғаннан бастау алады. Бастапқы кезде мектепті Кандалова Лидия Ивановна басқарды. 1974-1992 жылдары Попова Галина Ивановна басшылық жұмыстарды жалғастырса, 1992-1996 жылдары Мадкрамова Айша сияқты білікті ұстаз тізгінді ұстады. 1996-1998 жылдары Бопақова Гүлмира Камалқызы игі істі ары қарай жалғастырды. 1998 жылы бала санының өсуіне байланысты бұрынғы балабақша ғимараты жөндеуден өткізіліп, 7 оқу кабинеті тағы қосылып, бастауыш мектеп орталау (негізгі) мектеп болды. Мектепте Айтбаева Базаркүл Қаленбайқызы басшылық етіп, мектеп толыққанды білім мен тәрбиенің бастауына айналды. 2000 жылы Ақтөбе орталау мектебі, 11 жылдық орта мектеп болып қайта құрылды.
2006 жылдан бастап мектепті Әбілдаева Гүлнар Жақсылыққызы басқарды. Ол, мектептің оқу-тәрбие үдерісін жаңаландырудан бастады. Бұл мектеп тарихындағы серпіліс болды. Мектеп оқу–тәрбие үдерісінің барлық көрсеткіштері ауданда алдыңғы қатарлардан көрінуде. Оқушыларымыз облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сара саясатының арқысында, 2012 жылдың мамыр айынан бастап, 150 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды.
2013 жылдың 1 қыркүйегінде ел игілігіне пайдалануға берілген жаңа мектеп жұртшылықтың көзайымына айналды. Қазіргі уақытта балаларымыз барлық стандарттарға сай әдемі, көрікті мектепте шырайлана білім алуда. Осы айтулы оқиға мектеп тарихының жаңа парағын ашып, оқу-тәрбие үдерісіне жаңа серпіліс берері сөзсіз.
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» басшылыққа ала отырып, 2012 жылдан бастап облысымызда шағын жинақталған мектептің қызметін жандандыру үшін құрылған тірек мектептерінің бірі – Жуалы ауданы Түктібай ауылындағы №12 М.Әуезов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы) жұмысын бастаған. 2014 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №583 бұйрығына сәйкес, №25 Ақтөбе тірек мектебіне (РО) ауыстырылды.
2014-2015 оқу жылынан бастап №25 Ақтөбе орта мектебі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №583 бұйрығының, Жуалы ауданы әкімінің № қаулысының негізінде «№25 Ақтөбе тірек мектебі (РО)» Education Department of Ili district болып қайта құрылды.«12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тірек мектеп (ресурстық орталық) желісінде оқушыларды әлеуметтендірудің педагогикалық аспектілері»тақырыбындағы эксперименттік алаңның жұмысын жалғастырды.