2021-2022 оқу жылындағы мектеп асханасының дайындығы туралы
2021-2022 оқу жылындағы мектеп асханасының дайындығы туралы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министінің 25.12.2017ж. № 650 бұйрығымен және Министрліктің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығының 66- тармағының "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты сай құжаттары жинақтап оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Мектеп асханасында оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету және санитарлық – гигиеналық талаптар орындау туралы қамтамасыз ету мақсатынының бұйрығы бойынша оқушылардың тамақпен қамтылуына басты назар аударып, яғни 1-11 сынып, тегін тамақтанатын көп балалы жанұялардан, аз қамтылған және ата-ананың қамқорлығынсыз (жетім) қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп оқушылар толық ыстық тамақ ішуіне жетік көңіл бөлінді. Тағам саласындағы жұмыскерлермен санитарлық сауаттылықпен жеке бастың гигиенасын сақтау туралы жұмысты үнемі жүргізіп оның мектеп медбикесі Н.Әбдінің қадағалауында болады. Мектебіміздің асханасына бюджеттен толық қамтылуына байланысты бүгінгі таңда жалпы мектеп асханасынан ыстық тамақпен тамақтанатын оқушылар саны - 81 оқушы. Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сай. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынады. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Оқушыларды тамақтану мәдениетіне және тіршілікке қажет тағамдарын қолдану туралы насихаттау жұмыстары сынып жетекшілердің қадағалауында. Мектеп тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді. Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілген.
Мектепте оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуы мәселелерінің шешімін табу үшін оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы құрылған. Комиссия құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына келесі өкілдер кіреді: мектеп әкімшілігі, ата-аналар қоғамы, педагогикалық ұжым, медициналық қызметкер. Біздің асханада тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар. Аталмыш міндеттердің шешімін табу үшін бірқатар қызметкерлер жұмылдырылған, олар ең алдымен асхана жұмыскерлері болып табылады.