№25 Ақтөбе тірек мектебінде (РО) «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы шеңберінде атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет
№25 Ақтөбе тірек мектебінде (РО) «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы шеңберінде атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет
Балаларды тасымалдау барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Балаларды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобуспен жүргізіледі. Ақтөбе-Сұрым-Теріс-Ащыбұлақ бағыты 15 км. Теріс-Ащыбұлақ елді мекенінен 36 оқушы, Сұрым ауылынан 3 оқушы, барлығы 39 оқушы тасымалданады. Сабаққа дейін, сабақтан кейін екі рейс жүреді. Сабаққа дейін бірінші рейстің уақыты екінші рейстің уақыты, сабақтан кейін бірінші рейстің уақыты екінші рейстің уақыты . Теріс-Ащыбұлақ елді мекенінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемалары бекітілген. «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акция аясында Теріс-Ащыбұлақ елді мекеннің балаларды тасымалдайтын автобусының техникалық жағдайы және толық жабдықталуына аудандық ішкі істер бөлімі балалар және жасөспірімдер инспекциясының инспекторы Е.Рақымбек және ата-аналар комитетінің төрайымы А.Есінбетова бірлесіп автокөліктерге бақылау жүргізді. Тасымалдаумен қамтылған Теріс-Ащыбұлақ елді мекенінің оқушыларын тасымалдайтын көліктің техникалық жағдайы мен тахографтардың бар болуы және олардың жарамдылығы туралы құжаттары тексеріліп, жүргізушінің денсаулық жағдайы үнемі тасымалдау алдында медбикенің тексеруінен өтіп отыратындығына көз жеткізді. Оқушыларға, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналарға арналған қауіпсіздік техникалары бойынша нұсқаулықтар, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқу жаттығулары өткізілді. Аталған акция барысында оқушыларға жол ережелері туралы мағлұмат беріліп, қоғамдық көлікте қауіпсіз жүріп-тұру негіздері түсіндірілді. Шараға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ЮПТ-ның аға инспекторы Е.Рақымбек, ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар қатысты.
Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары К.Ахметова








