№25 Ақтөбе тірек мектебінің (РО) «Қауіпсіз мектеп автобусы» » №25 Ақтөбе тірек мектебі
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№25 Ақтөбе тірек мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(726) 35 5-23-93
bookkeeping:
+7(726) 35 5-23-93
Version for
visually impaired
» » №25 Ақтөбе тірек мектебінің (РО) «Қауіпсіз мектеп автобусы»
13
февраль
2020

№25 Ақтөбе тірек мектебінің (РО) «Қауіпсіз мектеп автобусы»

№25 Ақтөбе тірек мектебінде (РО) «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы шеңберінде  атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет

2020 жылдың 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы шеңберінде №25 Ақтөбе тірек мектебінде іс-шаралар жоспары жасалынып, ұйымдастырылды. Мектеп инспекторы   Е.Рақымбек оқушыларға  балалар арасындағы жол –көлік жарақаты және жол –көлік оқиғасы туралы әңгімелеп, оның алдын алу жолдарын түсіндірді.          15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында  1-4 сыныптар аралығында «Жол ережесін есте  сақта!», 5-8 сыныптарда «Жол ережесін сақтаймыз» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Онда жол ережесін сақтау шаралары, жол белгілері туралы айтылып, сақтық шаралары ескертілді. Сынып жетекшілері жаяу жүргінші мен көлік арасындағы қатынастарды түсіндіре отырып, қазіргі таңдағы жол-көлік оқиғаларының шығу себептерімен таныстырып, жол белгілерінің мән-мағынасын түсіндірді.

Мектеп инспекторы   Е.Рақымбек оқушыларға  балалар арасындағы жол –көлік жарақаты және жол –көлік оқиғасы туралы әңгімелеп, оның алдын алу жолдарын түсіндірді. «Оқушылардың қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс оқыды. 22 қаңтар күні оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп-тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында Г.Усембекованың ұйымдастыруымен 6 сынып оқушыларымен екі топқа бөлініп, «Сенің жолаушың – бала!» тақырыбында кітапханада жарыс сабақ өтілді. 25 қаңтар күні 6-7 сынып оқушылары  арасында «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» атты  акциясын өткізді. Акция барысында оқушылар жолда жүру ережелерін сақтай отырып, көлік жүргізушілерін тоқтатып, жол белгілері жазылған парақшаларды таратты. 05 ақпан  күні 3-4 сыныптар арасында  «Біз өмірге сенеміз» атты  автоспорт жарысы өткізілді.  Жарыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп, велосипедпен жолда жүру ережелерін сақтай отырып жүріп өтті. Велосипедшілердің жолда жүру ережелерін  қадағалауын   жол сақшылары анықтап, кеткен кемшіліктерді ескертіп, бал қойып отырды. Жарыс соңында жеңіске жеткен 5-сынып мақтау қағазымен марапатталды. 15 қаңтар мен  15 ақпан аралығында  8-11 сыныптар арасында «Жол ережесін білу-бәріне міндет» тақырыбында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. 




Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары:            К.Ахметова


   

 

 




 






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив